Нұсқаулық
«Сөзтексер» веб-сервисі арқылы пайдаланушы кирил және латын графикалары бойынша тілдегі жеке әдеби сөздердің, оларға жалғанатын грамматикалық формалар мен тіркесім түрлерінің орфографиялық нормаға сәйкес жазылымын анықтай алады.
Сол жақтағы ұяшыққа тексергіңіз келетін мәтінді енгізіңіз (мәтін 50 сөзден аспау керек) .
«Тексеру» батырмасын басыңыз. Жауаптың нәтижесін күтіңіз.
Қызылмен сызылған сөзге батырманы жақындатсаңыз сөздің дұрыс нұсқасы шығады.
Түзетілген мәтінді көшіріп алғыңыз келсе, «Көшіру» батырмасын басыңыз.
«Сөзтексер» веб-серсисінде қосымша ретінде жазу-сызуға қатысты «Зерттеулер», «Нормативті нұсқаулықтар», «Аудио-видео дәрістер» және «Сөзтексер туралы» айдары берілді.
Сөзтексер» веб-серсисіндегі "Зерттеулер" айдарын бассаңыз жазуға қатысты мақалаларды, монографияларды оқи аласыз.
«Нормативті нұсқаулықтар» айдарын бассаңыз бекітілген жаңа әліпби мен мақұлданған емле ережесімен, әртүрлі сөздіктер мен анықтағышпен таныса аласыз.
«Аудио-видеодәрістер» айдарын бассаңыз дұрыс сөйлеу мен жазуға қатысты дәрістерді тыңдай аласыз
«Сөзтексер туралы» айдарды бассаңыз әзірлемешілер туралы ақпарат ала аласыз.