«Сөзтексер» туралы
Жаңа жазудың орфографиялық, графикалық нормасын тұрақтандыруда, латын графикасы бойынша көзшалым мен қолдағдыны қалыптастыруда ортологиялық құралдармен қатар, электронды құралдың да болуы маңызды. Латын графикасына негізделген қазақ жазуы бойынша тілдік сауаттылықты көтеру үшін заман сұранысына сәйкес әртүрлі ортологиялық құралдарды жасау міндетіне сәйкес кирил және латын графикалы қазақ мәтіндерін (сөз, сөз тіркесі, мәнмәтін) тексеретін электронды сайт жасалды. «Сөзтексер» веб-серсисі арқылы пайдаланушы тілдегі жеке әдеби сөздердің, оларға жалғанатын грамматикалық формалар мен тіркесім түрлерінің орфографиялық нормаға сәйкес жазылымын бір мезетте анықтай алады. Ол үшін пайдаланушы сөзді немесе мәтінді енгізіп, «тексеруді» басып, кез келген сөздің немесе тұтас мәтіннің кирил және латын әліпбилері бойынша дұрыс жазылымын тексеріп, оны көшіріп ала алады. Сонымен қатар «Сөзтексер» арқылы пайдаланушы жазу-сызуға байланысты нормативті нұсқаулықтармен (бекітілген әліпби, емле жобасы), әртүрлі ортологиялық құралдармен (орфографиялық сөздік, анықтағыш), ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалармен, дұрыс сөйлеу мен дұрыс жазуға қатысты аудио-видеодәрістермен таныса алады.